«Астананың үздік тауары-2014» байқауы мәреге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Астананың үздік тауары-2014» аймақтық байқау-көрмесінің қорытындысы шығарылды.

«Астананың үздік тауары-2014» байқауы мәреге жетті

Әкімдік мәліметіне қарағанда,«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымында 1-ші орынды «Тас кiлем» ЖШС, 2-ші орынды «Фирма Алкон+» ЖШС, ал 3-ші орынды «Amitech Astana» ЖШС жеңіп алды. Өнеркәсіптік өндіріс саласындағы үздік кәсіпорын қатарына «Stone Нouse» ЖШС, «КСС Астана» ЖШС, «Funke Kunststoffe» ЖШС, «Экотон +» ЖШС енді. Бұдан бөлек, «Үздік азық-түлік тауарлары» атылымында бірінші орын «Апрель 2030» ЖШС-на, екінші орын «Александров А.П.» жеке кәсіпкеріне, үшінші орын «Целинная - Деликатестер Фабрикасы» ЖШС-на бұйырды. Сонымен қатар тағам өнеркәсібі саласында үздік кәсіпорын ретінде «Цесна-Астық концерні» АҚ танылды. «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымында 1-ші орын «Тынымбаев Ж.С.» жеке кәсіпкеріне, 2-ші орын «Astana Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компаниясына, 3-ші орын «Астана қаласы Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесіне берілді.