Астананың үздік ұстаздары марапатталды

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында жыл сайынғы «Жұлдызды шашу» фестивалі өтті. Оның аясында елорданың үздік педагогтары марапатталды.

Астананың үздік ұстаздары марапатталды

Атап айтқанда, педагогикалық еңбектің ардагері Алма Темірбаева, Астана политехникалық колледжінің директоры Виктор Старунов, балалар және жасөспірімдер орталығының директоры Нұрлан Тәженов, оның тағы бір әріптесі Бақыт Марзағалиева, «№2 медициналық-педагогикалық кеңес беру» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Гүлнар Әбілдинова және дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебінің математика пәнінің мұғалімі Күшай Тердікбайдың аты «Астанадағы білім берудің алтын қоры» кітабына жазылса, тағы 27 педагог ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет және алғыс хаттарымен марапатталды.