Астананың жанындағы ауылдың жолын су басты (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел тобы және қалалық коммуналды қызметтің өкілдері Шығыс Ильинка ауылына барды. Себебі, ауылда қардың суы еріп, кейбір көшелердің жолын су басқан.

Астананың жанындағы ауылдың жолын су басты (ВИДЕО)

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің хабарлауынша, Шығыс Ильинка ауылының №2 секторында жолдың 300 метрін су басқан. Бастысы, комитеттің ақпаратына сүйенсек, жол шетіндегі үйлерді су алу қауіпі жоқ. Қар еріп, оның үстіне, тоқтаусыз көктемгі жаңбыр жауған соң, жолдың осы 300 метр бөлігіне су тоқтап қалған.
Қазір Төтенше жағдайлар департаменті нысандарды тексеріп, әкімдік өкілдерімен және мердігер ұйымдардың өкілдерімен бірге, үйлердің ауласын судан құрғатып жатыр. «Астана Тазалық» ЖШС эолдың осы участогына су сорғыз 3 трактор жіберді.  Тұрғын үйлерді су басады деген қауіп жоқ.