Астананың Жасыл белдеуі нағыз орманға айналып келеді (ФОТО/ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні Астананың Жасыл белдеуінде шамамен 11 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Жыл сайын егілетін көшеттер 300 гектарға артып отыр. Бұл туралы бүгін пресс-тур барысында Астана қалалық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев мәлім етті.

Астананың Жасыл белдеуі нағыз орманға айналып келеді (ФОТО/ВИДЕО)

«Бүгінгі күні Жасыл белдеу нағыз орман болып қалыптасып келеді, ол жабайы аңдардың да тіршілік мекеніне айналып отыр. Бұған дейін ештеңе өспеген, тақыр далада қазір қырғауылдар ұшып, қоян мен түлкілер жорта бастады. Біз олардың санын арттыруды бақылауда ұстаймыз. Жыл сайын шамамен 400-500 қырғауыл түрлері осы маңға ұшырылуда», - деді ол.

Айта кетерлігі, бүгін Астана маңындағы орманды далаға 125 қырғауыл, өткен аптада 875 қырғауыл ұшырылған. Басқарма басшысының айтуынша, жабайы құстар, аңдар ұдайы бақылауда болады. Ал орманға ұласқан ағаштарға келсек, олардың Жасыл белдеуде жерсінуі 90 пайызды құрап отыр.

«Жасыл белдеуде жеміс ағаштарын отырғызудың жаңа тәжірибесін де қолға алып жатырмыз. Дегенмен, бір проблема бар: мұнда көбейген қояндар жеміс ағаштарының тамырын қазып, сонымен қоректенеді. Бұл біршама тежегіш фактор болып тұр», - дейді Ә. Сәрсембаев.


1 2 3 4 5 6 7 8 9