Астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері әлеуметтік мәселелерге қатысты тұрғындардың сұрақтарына жауап береді

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - 29 қыркүйекте сағат 10:00-де Конгресс-холл сарайының ғимаратында ашық есік күні өтеді.

Астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері әлеуметтік мәселелерге қатысты тұрғындардың сұрақтарына жауап береді

Онда қала тұрғындары әлеуметтік салаға қатысты (еңбекпен қамту, еңбекті қорғау, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, дене тәрбиесі және спорт, заңдық ақыл-кеңес беру) мәселелер бойынша өздерін қызықтырған ақпараттарды сұрап-біле алады.