Астананың жол полицейлері 53 мас жүргізушіні ұстады

АСТАНА. Шілденің  27-сі. ҚазАқпарат -   Өткен аптада елордада  12  жол-көлік оқиғасы  тіркелді,   олардың салдарынан  12 адам қаза болып,  9 адам  жарақат  алды,

Астананың  жол полицейлері  53 мас жүргізушіні  ұстады

деп   хабарлады    Астана  Ішкі істер департаментінің   жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен. 

Шілденің  24-інде  сағат 21.00-де  Сейфуллин және  Әуезов көшелерінің  қиылысында «КамАЗ»  жүк көлігі   мен   «Ауди» жеңіл көлігі соқтығысып қалды.  Оқиға салдарынан  жеңіл  көліктің  жүргізушісі  оқиға орнында көз жұмды,   жолаушысы       ауруханаға түсті.

Демалыс күндері  жол полицейлері      жол қозғалыстарын қадағалау   кезінде     жол ережелерін  бұзудың  948      фактін анықтады,    оның ішінде      рульге мас болып отырған  53   жүргізуші    ұсталды.

Басқарманың баспасөз қызметінен   хабарлағанындай,    шілденің 27-сі мен тамыздың  1-інде   елордада   «Жаяу  жүргінші»    операциясы    жүруде.