Астананың жол полициясы ауа райының бұзылуына байланысты алдағы күндері жекеменшік көлікпен жүрмеуге кеңес берді
АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Астананың жол полициясы ауа райы жағдайының бұзылуына байланысты алдағы күндері жекеменшік көлікке отыру қауіпті екендігін ескертті.
«Астана қаласының Жол полициясы жүргізушілерге алдағы күндері жекеменшік көліктермен жүрмеуге кеңес береді. Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы күндері Астанада ауа температурасы күрт төмендейді. Осы ретте, жүргізушілер жолда аса қырағы болып, жолда жүру ережелерін қатаң сақтауы тиіс», - делінген таратылған хабарламада.
ЖПБ-дан атап өткендей, көктайғақ салдарынан шағын жол-көлік апаттары көбейіп, жол қозғалысы қиындауы мүмкін.