Астананың Жол полициясы басқармасы «Жаяу жүргінші» шұғыл-алдын-алу іс-шараларын қорытындылады

АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат – Елорданың жол полициясы басқармасы Астанада 2009 жылғы қаңтар-наурыз айларының аралығында өткізіліп келген «Жаяу жүргінші» шұғыл-алдын-алу іс-шараларын қорытындылады,

Астананың Жол полициясы басқармасы «Жаяу жүргінші» шұғыл-алдын-алу іс-шараларын қорытындылады
деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс-шара Астана қаласындағы жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақаттануды азайту мақсатында жүргізілді. Үш айдың қорытындысы бойынша жаяу жүргіншілердің кінәсінен 30-дан астам апатты жағдай орын алған, 35 адам зардап шеккен. Апаттардың негізгі себептері жолдарда жаяу жүргіншілердің жүріп-тұру қауіпсіздігі ережесін бұзғандығы болған.Жүріп-тұру қауіпсіздігі ережесін «белсенді» бұзғандар әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айып салынды. Мұндай адамдардың саны 1500-ден асады.