«AstanaProTeam» Джиро д'Италия жарысына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық «AstanaProTeam» велокомандасы Джиро д'Италия жарысын бастайды, деп хабарлады команда фан-клубының ресми сайты.

«AstanaProTeam» Джиро д'Италия жарысына қатысады

«Джиродағы сайыс алғашқы кезеңнен ең соңғы мәреге дейін созылады. Жарыс жолы таулы-қыратты көптеген белестерден тұрады. Джиро жарысы жолына 18 World Tour командасы мен 4 құрлықтық командалардың 198 велошабандозы шығады. Шабандоздар 21 кезеңде 3445,4 шақырымды еңсерулері тиіс», - делінген таратылған хабарламада. Бұл жолы ұйымдастырушылар 8 жазық, 5 биіктаулы және 5 қыратты кезеңдерді әзірлеген. Биылғы тағы бір жаңалық жарыстың өн бойында үш демалыс күні көзделген. Биыл Джиро д'Италия алғаш рет Белфаста (Солтүстік Ирландияда) басталып, 1 маусымда Триестіде (Италия) 172 шақырымдық спринтерлік кезеңмен аяқталады.

«Astana Pro Team» капитаны Винченцо Нибалидің Джиро-2013-тің бас іріктеу жарыстарындаы өткен жылғы жеңісі көпкүндік жарыстағы алғашқы үлкен табысы болды. Биылғы маусымда Нибали Тур де Франсқа қатысады. Сондықтан да қазақстандық «Astana Pro Team» капитаны итальяндық Микеле Скарпони болады, ол 2011 жылғы «Lampre ISD» құрамындағы Джиро 2011 чемпионы. Өткен жылы Скарпони жалпы есепте төртінші орын алып, жүлдегерлерден бір қадам кейінге тоқтаған болатын. Биылғы жылы Микеле Скарпони командамен бірге төрге озады деген үміттеміз.

Биыл команда құрамында мыналар сайысқа шығады: 1. Микеле Скарпони(Италия) 2. Валерио Аньоли (Италия) 3. Фабио Ару (Италия) 4. Янец Брайкович (Словения) 5. Энрико Гаспаротто (Италия) 6. Борут Бозич (Словения) 7. Микель Ланда (Испания) 8. Паоло Тиралонго (Италия) 9. Андрей Зейц (Қазақстан) Джиро д'Италия тарихы 1908 жылдан басталады, сол жылы итальяндық «Gazzeta dello Sport» газетінің велоспорт бөлімінің бас редакторы Армандо Куне веложарыс өткізу жөнінде идея ұсынған болатын , сөйтіп алғашқы жарыстар 1909 жылы тұңғыш рет өткізілді.