Астық нарығындағы «сұр импорт» 2024 жылғы егіс науқанына қауіп төндіреді

Астық нарығындағы Ресейден келетін «сұр импорт» 2024 жылғы егіс науқанына қауіп төндіреді. Бұл жайында Ауыл шаруашылығы министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Отандық бидай
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«Соңғы бірнеше жылда қазақстандық астық нарығы «сұр импорттың» заңсыз әкелінуінен зардап шекті. Бұл қазақстандық фермерлердің қаржылық жағдайына кері әсерін тигізді. Кредиторлар алдындағы міндеттемелерді уақтылы орындамау және жалпы алғанда 2024 жылғы егіс науқанына қауіп төндіреді. Төмен демпингтік бағамен импортталатын ресейлік бидайдың айтарлықтай көлемі ішкі нарыққа біршама қысым жасады. Соның салдарынан бидайымыз сұраныссыз қалып отыр», - делінген министрліктің агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ведомствоның атап өтуінше, бидай импортының «сұр схемасы» мен оның реэкспортының негізгі тетігі - Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерінен автомобиль және теміржол көлігі арқылы заңсыз әкелу.

«Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі бұйрығымен бидайды автомобиль көлігімен әкелуге тыйым салынды. Сонымен қатар, бидайдың реэкспортына бақылауды одан әрі күшейту үшін Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 337 бұйрығымен бидайды автомобиль көлігімен әкелуге тыйым салу ұзартылып, шектеулер енгізілді. Теміржол арқылы бидай импорты да енгізілді. Бұл ретте астық өңдеуші кәсіпорындарға, құс шаруашылығы кәсіпорындарына, сондай-ақ лицензияланған элеваторларға темір жол көлігімен импорттау шектелмейді», - деді министрліктен.