«Астон Вилла» футбол клубының бұрынғы шабуылшысын полиция өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық «Астон Вилла» футбол клубының бұрынғы шабуылшысы, 48 жастағы Дэлиан Аткинсон электрошок тапаншасымен атқаннан кейін ауруханада көз жұмды, деп хабарлады ВВС агенттігі.
Оқиға Телефорд қаласында болған. Түнгі сағат 2 шамасында полицияға жеке тұрғын үйде адам өміріне қауіп төніп жатқаны туралы «қоңырау» түскен.
Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары үйдегі ер адамды жоғары кернеулі электршок беретін тапаншамен атып құлатты.
Ер адам есін жимастан, сағат түнгі 3-терде қайтыс болған.
Ол дүниеден өткеннен кейін «Астон Вилла» клубының Твиттердегі жеке парақшасында көңіл айтылды. Осыдан кейін аталған клубтың танымал ойыншылары және жанкүйерлер #RIPDalian хэштегі бойынша көңіл айтып, Твиттерде бірікті.