Астрахан ауданында мал шаруашылығын дамыту бойынша ірі жоба жүзеге асырылуда
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Астрахан ауданында мал шаруашылығын дамыту бойынша қолға алынған 2050 басқа арналған шошқа кешені мен жылдық қуаты 5500 тонна ет комбинаты бар ірі жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«АПК Bavaria product (AIC Bavaria product LLP)» ЖШС басшылығының айтуынша, аталған жобаның құны 9 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Осы күні оның 2 миллиард теңгесі игерілген. Жобаның алғашқы кезеңі ағымдағы жылдың қыркүйек айында тапсырылады. Ал, толығымен 2018 жылы аяқтау жоспарланған. Жаңа кешеннің іске қосылуы 100 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Бұл өңірде мал шаруашылығын дамыту бойынша қолға алынған 2050 басқа арналған шошқа кешені мен жылдық қуаты 5500 тонна ет комбинаты бар ірі жоба болып саналады.


