23:19, 29 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Астраханьда қазақ басылымын тарату ұсынылды
АТЫРАУ-АСТРАХАНЬ. ҚазАқпарат - Астранханьда өткен Каспий медиафорумында Атырау облысы делегациясының өкілдері ресейлік әріптестеріне қазақ тіліндегі баспасөзді тарату мәселесін қарауды ұсынды. Бұл жайлы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.
«Астанада өткен Дүниежүзі қазақтары құрылтайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шекаралық өңірлерде, соның ішінде Астрахань облысында қазақстандық контентті таратудың маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Бұл өңірде 150 мыңға жуық қандасымыз тұрады, олар тарихи отанындағы оқиғаларға құлағын түріп отыр. Біздің осы облыстың Қазақстанмен шекаралас аудандарында Атырау облысының баспа БАҚ-ын тарату туралы мәселені қарауды ұсынамыз», - деді медиафорумда сөз сөйлеген Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Серікжан Ерементаев.
Еске сала кетсек, Каспий медиафорумына барлық Каспиймаңы елдерінің мемлекеттік және жеке бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.