21:07, 28 Ақпан 2012 | GMT +5
Астраханьдағы үйдің опырылып құлауының салдарынан қаза тапқандардың саны өсті
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Астраханьдағы тұрғын үйдің құлаған кіресберісінің үйінділері астынан қаза тапқан тоғызыншы адамның денесін алып шықты. Бұл туралы ТЖ орнында құрылған жедел штабтың өкілі хабарлады, деп жазады Утро.ру.

«Қаза тапқан тоғызыншы адамның денесі анықталды, бұл ер адам», - деп баяндады журналистерге штаб өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың 27 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 13:10-ның шамасында болған жарылыс салдарынан Астрахань қаласындағы алты кіреберісі бар тоғыз қабатты үйдің екінші кіреберісі және үшінші кіреберісінің бір бөлігі толық опырылып құлады. Бастапқы кезде тергеу апатқа тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкендегі тұрмыстық газдың жарылуы себеп болды деген. Алайда кейіннен ғимарат секциясының қирауына үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің біріндегі тұрмыстық газдың жарылуы себеп болуы мүмкін деген тұжырым расталды.