Астрахан облысында Өзбекстанның 16 азаматын құлдықта ұстағандар сотталды

Астрахан облысының Нариман аудандық соты «Ластра» кәсіпорнының директоры Александр Ларинді, оның ұлы Кирилл Ларинді және фирма жүргізушісі Хагани Ахундовты қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, РФ ҚК 127.2 бабының 2 бөлімі (құл еңбегін пайдалану) бойынша соттады.
РФ Бас прокуратурасының БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының хабарлауынша, қылмыстық топ 2009 жылы ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін «Ластра» фирмасына жұмысқа орналастырамыз деген уәжбен Өзбекстанның 16 азаматын Астрахан облысына алып келген.
Олардың құжаттарын тартып алып, оларды жұмысқа жеккен, бағынбағандарын ұрып-соғып, қашуға әрекеттенгендерді өлтіреміз деп қорқытқан. Мигранттар қоймаларда, ал жылдың жылы мезгілдерінде Нариман ауданының алқаптарында жұмыс істеген.
Сот К.Ларинді 3 жылға бас бостандығынан айырды, Х.Ахундов - 2 жыл 6 айға сотталды. Жаза белгілеу барысында А.Лариннің егде жасы ескеріле келе оны шартты түрде 4 жылға соттады.