Астраханда «Газпромның» топ-менеджерін өлтіріп кетті
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астраханда «Газпром-энергосеть» тобына кіретін «Газэнергосеть -Астрахан» фирмасының бас директорын өлтіріп кетті, деп хабарлайды РБК агенттігі.
РФ Тергеу комитетінің Астрахан облысы бойынша Тергеу басқармасынан хабарлағандай, қылмыс кеше кешке жасалған. Үйіне оралған Аслан Асланбековты қақпаның алдында күтіп тұрған. Қылмыскер А.Асланбековты басынан атып өлтірген.
Кісі өлтіру факті бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 105-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.