Астраханда Ресей гвардиясы бекетіне шабуыл жасағандардың полицейлер өліміне қатысы бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астраханда Ресей гвардиясы бекетіне шабуыл жасағандардың 4 сәуірдегі екі полицейдің  өліміне қатысы бар. Көзі жойылған шабуыл жасаушы бұл іс бойынша іздеу жарияланғандардың бірі болып шықты, деп хабарлады РИА Новости  РФ Тергеу комитеті өңірлік басқарма басшысының аға көмекшісі Андрей Хегайға сілтеме жасап.

Астраханда Ресей гвардиясы бекетіне шабуыл жасағандардың полицейлер өліміне қатысы бар

"Астрахандағы Ленин ауданы, Латышев көшесінде жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында 4 сәуір күні түнде жол-патруль қызметінің екі қызметкерін өлтірген тұлғалар анықталды. Қарулы қақтығыс салдарынан құқық қорғау органдарының үш қызметкері жараланып, бір шабуыл жасаушының көзі жойылды», - деді ол.

"Атыс кезінде өзге шабуыл жасағандар жасырынып үлгерген және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаруын алып кеткен. Көзі жойылған қаскөй бұрын іздеу жарияланған күдіктілердің бірі болып шықты», - деп толықтырды ол.

Оқиға орнында Астрахан облысы ТК басшысының жетекшілігімен жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.