«AstraZeneca» Қазақстанда қандай дәрілер өндіретіні белгілі болды

«AstraZeneca» Қазақстанда қандай дәрілер өндіретіні белгілі болды
Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында «AstraZeneca» фармацевтикалық компаниясымен бірлескен жобалардың егжей-тегжейін айтты.

«2023 жылдың 7 ақпанында «AstraZeneca» халықаралық биофармацевтикалық компаниясымен Қазақстан аумағында дәрі өндірісін ұйымдастыру үшін технологияны табыстау туралы келісімшарт жасалған. Бұл Қазақстанның фармацевтикалық индустриясын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде халыққа инновациялық дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арттырады», - делінген жауапта.

Министрліктің мәліметі бойынша, «AstraZeneca» компаниясы Қазақстан аумағында мынандай дәрі-дәрмектің өндірісін ұйымдастырмақ:

• Forxiga Tablets 10mg – қант диабеті, созылмалы жүрек ауруы, бүйректің созылмалы ауруы;

• Calquence Caps 100mg – созылмалы лимфолейкоз, мантия жасушасының лимфомасы;

• Lynparza 150mg – аналық бездің қатерлі ісігі, сүт безінің қатерлігі ісігі, простата обыры, ұйқы безінің қатерлі ісігі;

• Tagrisso Tablets 80mg – өкпенің қатерлі ісігі.

Еске салсақ, Ұлыбритания мен Қазақстанның 8-ші үкіметаралық комиссиясының пленарлық отырысы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «AstraZeneca» компаниясының Қазақстандағы өкілдігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар