Астролог жұма күні абай болуды ескертеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік астролог жұманың айдың 13-ші жұлдызына сәйкес келген күні денсаулыққа бей-жай қарамай, апаттық жағдайлардан сақ болу керектігін ескертеді.
Жұма, 13 маусым күні айдың толған кезі, яғни Күн мен Айдың энергиясы өте күшті болады», - деді «Интерфаксқа» орыс астрологиялық мектебінің жетекшісі Александр Зараев.
Зараев жұма күні таңғы алтыдан онға дейін және кешкі тоғыздан кейін тынышсыз болатынын атап өтті.
«Осы кезде адамдарға барынша байқағыштық танытып, сақ болу керек», - деді астролог.
Оның сөзіне қарағанда, бұл күн қара жұмыспен, спортпен шұғылдануға және серуендеуге қолайлы болмақ.