Астрологтар: 2013 жылы үйленуге ең жақсы күн - 7 қыркүйек
АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Дат астрологтары 2013 жылы үйленуге ең жақсы күнді атады, деп хабарлады Росбалт.
The Copenhagen Post басылымының жазуынша, сарапшылар 7 қыркүйек күні, сенбіде, сағат 10-:35-те некеге отыруға кеңес береді.
Нақ осы кезде Марс пен Шолпан аспанда белгілі бір қалыпта орналасады, ал олардың әсері отбасын құратындарға игі ықпал етеді. Марс пен Шолпан жұлдыздары ерлер мен әйелдер сезімін білдіретіндіктен, сүйіп қосылғандардың ұзақ та бақытты отбасылық ғұмыр кешуіне кепілдік береді деген сенім бар.
Өз кезегінде жергілікті өкімет орындары осы күні акция ұйымдастырып, алдын ала келіп, арыз бермей-ақ үйленушілерге мүмкіндік туғызбақ. Шенеуніктердің айтуынша, олар астрологтардың ырымдарын қолдайды, астролог мамандарының осы идеяларының өзі де қолдауға тұрарлық.
Дегенмен оларды шіркеу қолдамай отыр. Ай күнтізбесі бойынша бұл күн неке қиюға қолайсыз деп есептеледі.