Астрономдар алыс ғаламшардан жолданған дыбыс сигналын қабылдағанын хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар жерден екі есе үлкен Gliese 581d ғаламшарынан жолданған дыбыс сигналын қабылдап алды. Бұған дейін аталған планетада тіршілік болуы мүмкін екендігі айтылған болатын, деп хабарлады Росбалт.

Астрономдар алыс ғаламшардан жолданған дыбыс сигналын қабылдағанын хабарлады

Ғалымдар бұл сигнал ғарышта пайда болған шу деген пікірді үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. Мамандардың айтуынша, сигналдың өз жиілігі байқалған, ол бірнеше ай сайын қайталанып отырады екен. Бұл туралы Svopi порталы жазады.

Айта кетейік, 2014 жылы Пенсильвания ғалымдары бұл сигналды ғарышта туындаған шу деп жариялаған болатын.