Астрономдар Айдың нақты жасын анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Француздық зерттеушілер Айдың нақты жасын анықтады.

Астрономдар Айдың нақты жасын анықтады

Зерттеу мәліметтеріне қарағанда, оның жасы бұдан бұрынғы деректермен салыстырғанда едәуір үлкен.

Ғылыми жорамалдардың бірінде біздің планетаның серігі қалай пайда болғаны айтылады. Оған сәйкес, Жерге Марстың көлеміндей ғарыштық нысан соқтығысқаннан кейін Ай қалыптасқан.

Жер серігінің пайда болуы уақыты ғалымдар арасында жүздеген жылдар бойы даулы мәселеге айналды. Кейбір мамандардың пайымынша, Айдың қалыптасуы Күн жүйесі пайда болғаннан кейін 30 млн. жылдан соң ғана орын алды. Ал өзге ғалымдар бұл құбылыс 100 млн. жылға кейінірек болғанын алға тартуда.

Жер қойнауына жүргізілген өлшемдер талдауы мен компьютерлік модельдеу шаралары осы оқиғалардың тарихын дәлірек айқындауға көмектескен екен. Осы орайда ғарыштық нысанмен соқтығысудан кейін Жер салмағының өзгеруінің мерзімін анықтауға мүмкін болды.

Есептеулерге қарағанда, бұл құбылыс 4,51 млрд жыл бұрын орын алып, Жер серігі осы кезде қалыптасты, деп жазады Утро.ру. 2011 жылы Айдың жасы 4,36 млрд жылға бағаланған еді.