01:57, 28 Сәуір 2014 | GMT +5
Астрономдар Күн жүйесі маңынан ең суық жұлдызды тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ астрономдары Күн жүйесі маңынан ең суық жұлдызды ашты, деп хабарлады Росбалт.
Бұл аспан денесінің көлемі өте шағын, әуелде ол тіпті ергежейлілер санатына да есептелген. Алайда бұл пікірмен барлығы бірдей келісіп отырған жоқ. Бірқатар уақыт өткен соң ғалымдар бұл пікірін өзгертіп, жұлдызды осы санатқа жатқызуды тоқтатты, оған термиялық реакцияларға қалыпты ресурстар саны болмауы себеп болды.
Термоядролық реакция болмауына қарамастан аспан денесінің жарық шығаруы астрономдарды таңғалдырды. Бұл жұлдыздың бетіндегі орташа температура оның көлеңке жағында Цельсий бағаны бойынша 48 градусқа жетеді.