Астрономдар жерге ұқсас ғаламшар тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - НАСА-ның астрономиялық «Кеплер» жерсерігі Айдаһар жұлдыздар шоғырынан қатты ғаламшар тапты, оның салмағы Жерден 17 есе үлкен, деп жазады Day.az.

Астрономдар  жерге ұқсас ғаламшар тапты

АҚШ, Швейцария, Ұлыбритания, Италияның астрономдар тобы тапқан ғаламшар Кеплер-10с атауын алды. Канар аралдарындағы Пальма аралында орнатылған телескоп көмегімен ғаламшар туралы қосымша деректер жинау мүмкіндігі туды. Оның жасын зерттеушілер 11 млрд. жыл (Жердің жасы - 4,5 миллиард жыл) деп бағалады.

Ол Жерден сәулелік 560 жарық жыл қашықтықта орналасқан, оның диаметрі 29 мың шақырым, жұлдыз маңындағы айналымы 45 жер тәулігіне тең. Кеплер-10с бетіндегі тартылыс күші Жердегі тартылыс күшінен үш есе артық.

Ғаламшардың ерекшелігі - салмағы ауыр және қатты жыныстан тұрады. Кремний, темір және басқа да элементтері бар. Бұдан бұрын мұндай массадағы ғаламшарларға Юпитер, Сатурн сияқты газды алыптар жатқан. Алынған мәліметтерді есепке алған ғалымдар Кеплер-10с ғаламшарда қандай да бір тіршілік белгісі болуы мүмкін атмосферасы бар екенін айтуда.

"Мұндай ғаламшарлардың болуы жер жүзінде өмір қалай дамығандығын зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ашады", - дейді ғаламшарды зерттеу жобасына қатысқан Женева университетінің қызметкері Стефан Удри.