Астық бағасы тұрақты қалып отыр

   АЛМАТЫ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін «Еуразия сауда жүйесі» (ЕСЖ) тауар биржасында кезекті 3, 4 сыныпты астық саудасы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Күндізгі сессияда 3 сыныпты астық бойынша 36 фьючерстік келісім жасалды. Оның 8-і желтоқсан айында, 20-сы 2010 жылдың қаңтар айында, 8-і ақпан айында орындалуы тиіс.Сессия барысында желтоқсандық фьючерстің 3 сыныпты астық үшін ең жоғары бағасы тоннасына 14 450, төменгі бағасы 14 350 теңге болды. Сессияның жабылуы кезінде ол 14 350 теңгені құрады. Қаңтардағы фьючерстің ең жоғары бағасы 14 200, төменгі бағасы 14 100 теңгені құрап, сессияның жабылуы кезінде 14 200 теңге болды. Ақпан айындағы фьючерстің жоғары  бағасы тоннасына 12 900, төменгі бағасы 12 800 теңгені құрады.Сессияның жабылуы кезінде 12 900 теңге болды. Күндізгі сессияның қаржы айналымы 32 миллион 682 мың теңгені құрады. Тауар биржасы өкілдерінің айтуынша, сессия астық бағасының нарықта тұрақтылығын байқатқан.

Соңғы жаңалықтар