Астық экспорттаушыларына құн салығы ретінде қосылған 15 млн теңге оңайлатылған тәртіппен қайтарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері екі экспорттаушыға 15 млн теңге мөлшерінде қосылған құн салығының сомасы 30 күн ішінде оңайлатылған тәртіппен қайтарылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Комитет «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, ҚҚС-ты жеңілдетілген тәртіппен қайтару бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

«Бұл - мемлекет пен бизнестің бірлескен саясаты. Пилоттық жоба «Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші – элеватор – экспорттаушы» қағидаты бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен экспорттаушы арасындағы көптеген делдалдар мен алыпсатарларды қысқартуду көздейді. Мұндай тізбек ең алдымен экспорттаушылардың өздері үшін ыңғайлы болады. Бұған, к ез келген компания қосыла алады», - деп жазды ведомстводан.

Пилоттық жоба қатысушының таңдауы бойынша екі нұсқада жүзеге асады:

1) банктік кепілдік бойынша 15 жұмыс күні ішінде камералдық бақылаусыз;

2) банктік кепілдік болмаған жағдайда 100 күнтізбелік күн ішінде ҚҚС қайтаруды көздейді.

Жалпы белгіленген тәртіппен ҚҚС 55 жұмыс күні ішінде (тұрақты экспорттаушылар үшін) және 155 күнтізбелік күн ішінде қайтарылады.

Пилоттық жоба аясында астықтын қадағалануы былай іске асырылады:

1) астықты өндіру, сақтау объектілерін және астықтың өмірлік циклін есепке алу.

2) «алқаптан - шекараға дейін» астықтың бақылануы.

«Ол үшін Qoldau ақпараттық жүйесінде «астық айналымы бойынша операцияларды есепке алу үшін AstyqQoima виртуалды астық қоймасы» модулі әзірленді:

• себу, вегетация, жинау ғарыш түсірілімдері арқылы.

• ЭШФ, электрондық астық қолхаттары арқылы тасымалдау, сақтау, сатып алу-сату.

Екі экспорттаушымен 2022 жылдың бірінші тоқсанында 15 млн теңге мөлшеріндегі ҚҚС сомасына қайтару талабы ұсынылды. Нәтижесінде көрсетілген сома 30 күнтізбелік күн ішінде қайтарылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бұл жобаға жетекші экспорттаушылар қатысып отыр және болашақта қатысушылар тізімі кеңеймек.


Соңғы жаңалықтар