Астық элеваторларын жекеменшік компаниялар салуы тиіс-А. Мамытбеков

«Биыл ауа-райы бізге қолайлы болып отыр. Астық қырманға құғақ күйінде түсіп жатыр»,-деді министр. Оның пайымдауынша, астықтың құрғақ болуына байланысты оның ашық аспан астында қалса да, мұнда технологиялық қауіп-қатер жоқ көрінеді. «Ең бастысы астық құрғақ болуы тиіс. Егер оның ылғалдылығы 14 пайыздан төмен болса, жыл бойы ашық аспан астында сақтала алады. Бұдан бұрын осылай болған-тұғын. Енді біз бұл мәселені шешкенше осылай шамалы уақыт болуы мүмкін»,-деді А. Мамытбеков.
Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, элеваторларды жекеменшік компаниялар салуы тиіс. «Атап айтқанда, 100 мың гектар және одан көп көлемде астық салса да, олардың кейбіреуінде элеваторлар жоқ»,-деді министр.
Министрдің айтуынша, элеватор сыйымдылығы жетіспейтін өңірлер бойынша 2009 жылдан бері жүйелі шаралар қабылданды. 1,5 жылдың ішінде 500 мың тоннаға жуық қоймалар салынды. Бұл тұрғыдағы проблема шамамен 2-3 жылдан кейін шешілмек. Астық себетін негізгі 3 облысқа 1,5 млн. тонна көлемінде элеваторлық қуаттылық жетіспейді.