Астық құнының сәл ғана көтерілуі нан бағасының бірден өсуіне әкелмейтіндігін түсіну қажет - «ҚазАгро» басшысы

Оның айтуынша, қазіргі уақытта компания меншігінде тұрған астық оның бағасының көтерілу жағдайларын тұрақтандыруға жетерлік деп айтуға болады. «Сондықтан да біз қазір қабылданатын шаралардың арқасында бүкіл Қазақстан бойынша нан бағасын толық тұрақтандырамыз деп сендіре аламыз», деді ол.
Алайда А.Мамытбеков қазіргі нанның бағасы 2008 жылы астық құнының көтерілген кезінде қалыптасқандығын алға тартады. «Ол кезде астық бағасы 3 есеге дейін өсіп, 1 тоннасы 350 доллардан болса, жуық арада 80 долларға дейін төмендеді. Ал ұнның бағасы 2 есеге дейін түсті. Алайда содан бері нанның бағасы өзгерген жоқ. Осы ұзақ уақыт бойы бүкіл тізбектегі ұн шығаратын, нан пісіретін кәсіпорындар және оны сататын мекемелер көбірек рентабелділік алып жүрді. Сондықтан астық құнының сәл ғана көтерілуі нан бағасының бірден көтерілуіне әкелмейтіндігін түсіну қажет», деді ол өз сөзінде.
Бұл орайда «ҚазАгро» басшысы еліміздің әр аймағындағы әкімдіктер өз деңгейінде тиісті меморандумдар қабылдап, ішкі резервтерін жұмыс істетуі қажет деген ойын алға тартты.