Астық сақтауда проблема болмайды - АШМ

ТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Астық сақтауда проблема болмайды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
None
None

«Республикада жалпы сыйымдылығы шамамен 13,6 млн. тоннаны құрайтын 217 лицензияланған нан қабылдау пункті бар. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы құрылымдарында көлемі 9 млн. тонна астық сақтайтын сыйымдылық бар. Яғни астық сақтайтын қоймалардың жалпы сыйымдылығы қазіргі күні 22,6 млн. тоннаны құрайды», - деді ол.

Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, нан қабылдау пункттері мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерде астықты уақытша сақтайтын асфальталған алаңдар бар. Олар да шамамен 3 млн. тонна астықты сақтауға мүмкіндік береді.

«Атап өтерлігі, астықтың негізгі көлемін біз құрғақ уақытта, құрғақ түрде жинап алдық. 20 қыркүйекке дейін жауын-шашынсыз болды, бұл астықты қоймаларда кептірмей-ақ сақтауға мүмкіндік берді», - деді А.Мамытбеков.

Оның айтуынша, қазіргі таңда нан қабылдау пункттері 50 пайызға ғана астықпен толтырылған. Елдің үш өңіріндегі бос элеваторлардың сыйымдылығы 5 млн. тоннаны құрайды. Ал ендігі бастырылатын астық көлемі шамамен 5 млн. тонна. «Сондықтан астық сақтауда ешқандай проблема жоқ», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар