16:54, 19 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Астық себетін негізгі 3 облысқа 1,5 млн. тонна көлемінде элеваторлық қуаттылық жетіспейді
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астық себетін 3 негізгі облысқа 1,5 млн. тонна көлемінде элеваторлық қуаттылық жетіспейді. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Министрдің пайымдауынша, биыл еліміздегі элеваторлар жетіспеуі мүмкін. «Элеватор сыйымдылығы жетіспейтін өңірлер бойынша 2009 жылдан бері жүйелі шаралар қабылданды. 1,5 жылдың ішінде 500 мың тоннаға жуық қоймалар салынды. Бұл тұрғыдағы проблеманы шамамен 2-3 жылдан кейін шешеміз. Астық себетін негізгі 3 облысқа 1,5 млн. тонна көлемінде элеваторлық қуаттылық жетіспейді»,-деп атап өтті ведомство басшысы.