Астық тасымалдауда вагон тапшылығы болмайды - Өмірзақ Шөкеев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы астық тасымалдайтын вагон тапшылығы болмайды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың өніміне тұқым дайындау бойынша жұмыстар жалғасуда. Дәнді дақылдар тұқымының 563 мың тоннадан астамы немесе қажеттіліктен 22,4 пайызы дайындалды. Егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша қол қойылған меморандумдарды ескере отырып, әрбір облысқа тұқым дайындау жоспары жеткізілді», - деді ол.

Министрдің айтуынша, жаңа өнім астығын экспортқа шығару бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

«Былтыр астық тасымалдайтын вагондардың тапшылығын байқаған болатынбыз. Биыл  соған басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып алдын-ала жұмыстар жасаудамыз және логистика мәселелерін шешу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мысалы, қазақстандық тауарларды транзиттік елдер арқылы тасымалдаудың тарифтері жоғары. Осы проблемасы бойынша мұндай тарифтерді төмендету жөнінде жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ жаңа балама транзиттік бағыттар пысықталуда», -деді Өмірзақ Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар
telegram