Астық түсімі кеміді, жем-шөппен қамтамасыз ету қиындауы мүмкін – Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тұқыммен, жем-шөппен, тыңайтқышпен қамтамасыз ету мәселелерін және егін науқанын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауыл шаруашылығына ерекше назар аудару керек. Соңғы жылы елімізде қуаңшылық болды, былтырға қарағанда жиналған астық көлемі 4 млн тоннаға кеміді. Бұл шикізатпен және жем-шөппен қамтамасыз ету ісіне әсер етті. Болжам бойынша, биыл да ахуал күрделі болуы мүмкін. Үкімет тұқыммен, жем-шөппен, тыңайтқышпен қамтамасыз ету мәселелерін және егін егу науқанын қатаң бақылауда ұстауы тиіс», - деді Президент Мәжілістің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті.

«Еңді, Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады. Бұл - шынайы жаңару кезеңі болады. Егемен елімізді бірге өркендетейік. Халқымыз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар