Астықпен толық қамтамасыз етілмеген өңірлер бидайды еліміздің басқа өңірлерінен тасымалдауы қажет

АСТАНА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астықпен толық қамтамасыз етілмеген өңірлер бидайды еліміздің басқа өңірлерінен тасымалдауы қажет. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен кеңесте Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман айтты.
None
None

«Республиканың азық-түлік қажеттіліктеріне астықтың жылдық мұқтаждығы 3,4 млн. тоннаны құрайды. Астықтың болжанып отырған жалпы жиынтығы 7 облысқа өздерінің жылдық қажеттілігін өз есептерінен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,-деді Е. Аман. Оның сөзіне қарағанда, қалған өңірлер Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Астана мен Алматы қалалары астық бойынша ішкі қажеттіліктерін басқа аймақтардан қосымша тасымалдау арқылы толықтырулары тиіс.

Соңғы жаңалықтар