Астықты дер уақытында жинамасақ үлкен шығын болуы мүмкін - Ө.Шөкеев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астықты дер уақытында жинамасақ үлкен шығын болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астықты дер уақытында жинамасақ үлкен шығын болуы мүмкін - Ө.Шөкеев

«Жауын шашын егін жинау науқанына біраз кедергі келтіріп отыр. Соған қарамастан өңірлерде қарқынды жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда егістік алқаптарының 73 пайызы бастырылып, 14 миллион тоннадан астам астық жиналды. Оның ішінде Қостанай облысы 85 пайыздан асып, былтырғы деңгейге жақындап қалды. СҚО-да 70,8 пайыз бастырылды», -деді ол.

Оның дерегінше, егін бастыру жұмыстарында артта келе жатқан өңірлер де бар. Мәселен, Ақмола облысы астық алқабының - 60, Қарағанды облысы - 57, Павлодар облысы 58 пайызын ғана бастырып үлгерген.

«Алдыңғы аптада ауа райының болжамы жақсы, осыны пайдаланып, екі-үш облыстың әкімдері қосымша шараларды қолға алуы керек. Өйткені, бұл астықты жинап алмасақ, үлкен шығын болуы мүмкін.  Жалпы шығымы жаман емес, түсімі гектарына 13 центнерден айналуда. Алда орылатын алқаптар түсімі жоғары болуы тиіс. Сондықтан көрсеткішті арттыруға мүмкіндік бар», - деді Өмірзақ Шөкеев.