Астықты жеткізудің фюючерстік келісімдерінің кезекті саудасы өтті

АЛМАТЫ. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін "Еуразиялық сауда жүйесі" тауар биржасында 2010 жылдың тамыз-желтоқсан және 2010 жылдың қаңтар айларында 3-4 сыныпты астықты жеткізудің фюючерстік келісімдерінің кезекті саудасы өтті.

Астықты жеткізудің фюючерстік келісімдерінің кезекті саудасы өтті

Күндізгі сессияда тауар биржасының айналымы жедел нарықта 3-4 сыныпты бидайда 31200 тоннаның, немесе 507 миллион 780 мың теңгенің 480 фьючерстік жеткізу келісімшартын құрады. Ал қорытындысында 3-ші сыныпты астық жеткізу фьючерсі саудасының көлемі 240 келісімшартқа жетті. Оның 40-ы - 2010 жылдың тамыз-желтоқсан және 2011 жылдың қаңтар айларында орындалады. 3-ші сыныпты астықтың бағасы тоннасына тамызға - 17 мың, қыркүйекке - 16200, қазанға - 16400, қарашаға - 16500, желтоқсанға - 17100, 2011 жылдың қаңтарына 16900 теңгені құрады. 4-ші сыныпты астық фьючерсі саудасының көлемі де 240 келісімшартқа жетті. Оның ішінде 247 миллион 520 мың теңгенің 40 келісімшарты 2010 жылдың тамыз-желтоқсан және 2011 жылдың қаңтар айында орындалмақ. 4-ші сыныпты бұл астық фьючерсі бағалары әрбір тонна үшін тамызға - 15 мың, қыркүйекке - 15500, қазанға 15700 теңге болды. Ал 2010 жылғы қараша-желтоқсан мен 2011 жылғы қаңтарға 50 теңгеге немесе 0,4 пайызға артып - 16 мың, 16600 және 16350 теңгені құрады.