Астықтың 71 пайызы жиналды - АШМ

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР нің хабарлауынша, бүгінде республика бойынша астықтың 71 пайызы жиналды.

Астықтың 71 пайызы жиналды - АШМ

«Облыстық басқармалардың 23 қыркүйек күнгі ақпаратына сәйкес, 11192,8 мың (11,2 млн.) гектар жерден астық жиналды. Бұл барлық егістік алқаптарының 71 пайызын құрап отыр. 13966,7 мың (13,9 млн.) тонна бидай бастырылды. Орташа есеппен бір гектардан 12,5 центнер астық шығып отыр», - делінген министрліктің хабарламасында.