Астықтың тоннасы қаншадан сатылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азық-түлік корпорациясының ресурстарына 769,4 мың тонна көлемінде астық жеткізуге келісімшарт жасалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында биыл Азық-түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырды. Соның арқасында Азық-түлік корпорациясының ресурстарына 769,4 мың тонна көлемінде астық жеткізуге келісімшарт жасалды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен толықтай есеп айырысу үшін Азық-түлік корпорациясы бидай сатып алу бағасын 3-сыныпты бидай үшін сапасына қарай 103-107 мың теңге аралығында, 4-сыныпты бидай үшін 98 мың теңге, 2-сыныпты арпа үшін 87 мың теңге мөлшерінде белгіледі.

Оның атап өтуінше, Азық-түлік корпорациясының сатып алу бағалары ішкі нарықтағы ағымдағы бағаларға сәйкес келеді. Бұл фермерлердің шығындарын саланың одан әрі дамуын қамтамасыз ететін рентабельділік деңгейімен өтеуге мүмкіндік береді.

«Әдеттегідей, Азық-түлік корпорациясының сатып алу бағасы келісімшарттар жасасу кезінде бағдар болып саналады. Осылайша әділ баға белгілеу астық бағасының күрт ауытқуын болдырмауға мүмкіндік бермек», - деді Ербол Қарашөкеев.


Соңғы жаңалықтар