«Астықжан» дүкендер желісі Наурыз мейрамының қарсаңына зейнеткерлер мен тұрмыстық жағдайы нашар адамдар үшін азық-түлік бағасын төмендетуде

АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін елордада «Астықжан» ЖШС мен қалалық әкімдіктің арасында зейнеткерлер мен тұрмыстық жағдайы нашар адамдар үшін азық-түлікке 5 пайыз жеңілдік ұсыну туралы меморандумға қол қойылды,

«Астықжан» дүкендер желісі Наурыз мейрамының қарсаңына зейнеткерлер мен тұрмыстық жағдайы нашар адамдар үшін азық-түлік бағасын төмендетуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Астанада 39 мың зейнеткер, 2,5 мың тұрмысы нашар азамат бар. Мен азық-түлік бағасын төмендету ? олар үшін Наурыз мейрамына жағымды жаңалық деп ойлаймын. Әсіресе, осындай ауыр кезеңде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бизнес әлеуметтік жауапты болуы тиіс. Өкінішке қарай, мұндай жеңілдіктерді барлық ұйымдар жасап отырған жоқ»,- деп атап өтті Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаева.Оның сөзіне қарағанда, келесі кезеңде қалалық әкімдік барлық топтардың мүгедектеріне жеңілдіктер ұсынуға қол жеткізбек. Бұл жалғыз акция емес. Жаңа жыл алдында «Бахус» дүкендер желісімен де осындай меморандумға қол қойылған болатын. Аталмыш құжатқа сәйкес, дүкен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 6 пайыз, зейнеткерлерге 3 пайыз жеңілдік көрсетеді.