Асу Алмабаев UFC-де жеңіске жетті

Асу Алмабаев
Фото: sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев аралас жекпе-жектен Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC on ESPN 58 турниріне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.

Асу америкалық Хосе Джонсонмен (16-8) жекпе-жекке шықты, бұл кездесудің қазақстандық үшін тарихи маңызы зор еді. Себебі Асу UFC турнирінде алғаш рет өнер көрсетіп отыр.

Ең жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа есептелген болатын және ол төрешілердің бірауыздан шешімімен Алмабаевтың пайдасына шешілді.

Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби мансабында 20-шы жеңісіне қол жеткізді. Ал, Хосе Джонсон осымен 9 рет жеңілді. Спортшылардың UFC-дегі жетістіктеріне келетін болсақ, Алмабаевта 3-0, Джонсонда – 1-2.



Соңғы жаңалықтар
telegram