Асу Алмабаев UFC-дің үздік бестігіне енуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – MMACrossfire.com сайты қазақстандық UFC-дің ең жеңіл салмақтағы өкілі Асу Алмабаев келесі жекпе-жегінде жеңіске жетсе, дивизион рейтингінің үздік бестігіне енуі мүмкін екенін атап өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Асу Алмабаев
Видеодан алынған скрин

Асу Алмабаев 2026 жылғы 28 ақпанда Мехико қаласында (Мексика) UFC-дің бұрынғы чемпионы Брэндон Мореномен кездеседі. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 1 наурыз күні таңертең өтеді.

Басылым мәліметінше, 31 жастағы Алмабаев қазіргі уақытта UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде жетінші орында тұр. Ол соңғы үш жекпе-жегінің екеуінде жеңіске жеткен. Соның ішінде қараша айында Қатарда өткен UFC турнирінде Алекс Пересті тұншықтыру әдісімен жеңген.

— Алмабаев ақпан айындағы жекпе-жекте ірі жеңіске жету арқылы үздік бестікке енуге үміттеніп отыр, — делінген жарияланымда.

Соңғы жаңалықтар