Асы үстіртіне 7 адам болып жолға шыққан отбасы жоғалып кетті

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысында 7 адамнан тұратын отбасын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Асы үстіртіне 7 адам болып жолға шыққан отбасы жоғалып кетті

Бүгін, 3 қаңтар күні сағат 8:00-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімі пультіне отбасының жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті.

Атап айтқанда, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында 7 адамнан тұратын отбасы (төрт ер адам, екі әйел адам және бала) жоғалып кеткен. Олар 2 қаңтарда екі көлікпен Алматыдан Асы үстіртіне қарай шығып, үйлеріне оралмаған.

Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті, республикалық жедел-құтқару жасағы, жергілікті атқарушы органдар мен аудандық ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр. Іздеу шараларына дрон жұмылдырылған.