«Асыл» тобының әншісіне актер жігіт сырға салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Асыл» тобының әншісі Ғалия Мұратова жақында келін атанады. Ғалияға болашақ жарының туыстары келіп, салт-дәстүр бойынша сырға салды. Cұлу арудың таңдаған өмірлі серігі актер, әнші Ален Самыкенов есімді жігіт, деп жазады «жұлдыздардың» өмірі туралы жазатын baistars.kz.
Осыдан үш күн бұрын Ален жұрт алдында Ғалияға ұсыныс жасады. Алда ғашықтардың үйлену тойы болады. Бірақ, нақты уақыты әзірге белгісіз.