Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласына жыл сайын 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлініп отыр

ашаның 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Еліміздегі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға жыл сайын 2 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлініп келеді. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкіметтің қолдауымен асыл тұқымды мал шаруашылығында осындай санатқа жататын аналық мал басын бағып-ұстау жөніндегі шараларды субсидиялау бағыты жүзеге асатын болады. Заң жобасындағы бұл норма шаруашылық субъектілерінің асыл тұқымды мал басын өсіруді ынталандырады. Осы мақсаттар үшін 2009-2012 жылдар аралығында жыл сайын 2,5 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлініп отыр. 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттен жылына 2 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылады. Бұл үш жылда 6 млрд. теңгені құрайтын болады», деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев. Оның айтуынша, жалпы мал шаруашылығының өнімділігін арттыруға байланысты субсидия ретінде 2009 жылы  11,6 млрд. теңге бөлінсе, 2010 жылы - 13 млрд., 2011 жылы -13,2 млрд. теңге бөлу көзделеді.

Дегенмен депутаттар заң жобасын талқылау барысында бірқатар кемшіліктердің орын алғанына назар аудартты. Мәселен, депутат Құрманғали Уәли салыстырмалы кестенің қазақша мәтініндегі орын алған кемшіліктерді сынға алды. «Бұнда қазақи асыл тұқымды малдарды тізбектеп келіп, солардың қатарына итті де қосып жіберген. Сонда үйдің хайуанаты асыл тұқымды малдардың қатарына қалай қосылмақшы. Есесіне, бұндай малдың арасына ешкі кірмей қалған, айыр өркешті түйе кірген де, нар енбей қалған», деді Қ. Уәли.

Өз кезегінде депутаттар да орын алған кемшіліктерге қатысты пікірлерін білдіріп, түзетулер жасады. «Заңда мал мен итті бөліп көрсете алмасақ, ертеңгі күні әжуәға қаларымыз рас», дейді депутат Алдан Смайыл.  

Соңғы жаңалықтар