Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін бірқатар заңдарға түзетулер енгізіледі

АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат. /Айдын Бәймен/ - Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін бірқатар заңдарға түзетулер енгізіліп отыр.
None
None

Өткен жылы Үкімет қараша айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Мәжіліске берген болатын. Осы Палатаның Аграрлық мәселелер комитеті заң жобасын қарап шығып, өз қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты - асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру. Асыл тұқымды өнім алу үшін ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын жануарлар тізімі кеңейтіліп отыр.

Депутаттар бірнеше ұсыныстар мен толықтырулар берген. Салыстырма кестеге парламентшілердің 29 түзетуі енгізілген. Оның барлығы бас комитет пен жұмыс тобында қабылданған.

Заң жобасы ертең, қарашаның 4-і күні, өтетін Палатаның жалпы отырысының күн тәртібіне ұсынылып отыр.

Соңғы жаңалықтар