Асыл тұқымды жылқыға арнап заң шығару орынсыз – Әлихан Смайылов

АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының Қостанай текті жылқы тұқымына арнап заң шығару туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қазіргі таңда ғылыми-техникалық тапсырма әзірленді. Кейін ол Ғылым және жоғары білім министрлігінің қарауына енгізіледі. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қостанай текті қазақи жылқы тұқымын сақтау және молайту мәселесі бойынша жеке заң әзірлеу орынды емес деп есептейміз», - деп жазды Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің жауабында, аталған мәселені реттейтін заң елімізде онсыз да бар.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заң аясында асыл тұқымды малдардың генофондын сақтау және көбейту, сондай-ақ олардың өнімділік қасиеттерін молайту және жақсарту, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін реттеу көзделген», - делінген жауапта.

Еске салсақ, былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Адай жылқысын ғылыми түрде асыл тұқымды мал ретінде танып, санын көбейту үшін тиісті жұмыстарды жедел қолға алуды тапсырған болатын.


Соңғы жаңалықтар
Референдум