Асылбек Мусиннің өліміне қатысты іс жабылды - СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Латвия полициясы Қазақстан азаматы Асылбек Мусинге қатысты қылмыстық істі жапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асылбек Мусиннің өліміне қатысты іс жабылды - СІМ

«Латвияның полициясы хабарлағандай, оқиғада қылмыс белгілері тіркелмегендіктен, іс жабылған», - деді СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Ригада өмірден озған болатын.