Асылжан Бектай ауыр атлетикадан Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық зілтемірші Асылжан Бектай Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Асылжан Бектай ауыр атлетикадан Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды

Ол 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қоссайыста Асылжан Бектай 362 (165+197) келі көтерді.

Екіншісі - Эмиль Молдодосов (Қырғызстан) - 361 (166+195) келі. Масуд Чатраей (Иран) 358 (162+196) келімен үшінші орынға шықты.


Фото: instagram.com/bwf.bh