Ат баптау қанымызда бар қасиет – Маржықпаев

Ат баптау
Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық спорт күніне орай Астана қаласындағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде «Наурызнама: Ұлттық спорт күні» атты кеш өтті. Іс-шара барысында Қазақстан және АҚШ көкпаршылары сайысқа түсіп, жиналғандардың делебесін қоздырды. 

садақ ату
Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform
Ұлттық спорт күні
Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

Сондай-ақ аударыспақ, садақ ату сияқты ұлттық спорт түрлерінің үздіктері де көрермендерге шеберлігін көрсетті. 

садақ ату
Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

Іс-шарада сөз сөйлеген Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Ермек Маржықбаев
Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

– Еліміздің брендіне айналған ұлттық спорт даламыздың көне тарихымен егемен еліміздің түп бастауы деуге болады. Ат баптау қанымызда бар қасиет. Бұған бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу сияқты спорт түрлерінің кеңінен дамуы дәлел бола алады. Қазақтың ұлттық ойындары патриоттық тәрбие беруде ұтымды құрал. Саламатты өмір салтын насихаттауға елеулі септігін тигізеді, - деді министр. 

Ұлттық спорт күні
Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform
Ұлттық спорт күні
Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform
Ұлттық спорт күні
Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

Кеш барысында ұлттық ойынның дамуына үлес қосқан бірқатар ардагер марапатталып, оларға 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Ұлттық спорт күні
Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform
Соңғы жаңалықтар