Ата-ана құқығынан айырылғандарға баланы қайтаруға мүмкіндік беріледі - Динара Зәкиева

Детский омбудсмен Динара Закиева
Фото: facebook.com/dinara.zakiyeva

АСТАНА. KAZINFORM – Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мемлекет отбасынан тартып алған баланы кейін ата-анасына қайтару мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бізде ата-ана құқығын шектеу немесе айыру негіздері белгіленген. Бұл шешімді тек сот шығарады. Жалпы, ата-ана құқығынан айыру немесе шектеу тұрғысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиядан келіп түскен материалдардың 17-20 пайызын сот қанағаттандыратынын айта кетейін», - деді Д. Зәкиева Сенатты тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл ретте ол отбасына жағдайды түзетуге үнемі мүмкіндік берілетінін айтты.

«Олар баланың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайды түзетуі тиіс белгілі бір кезең бар», - деп нақтылады Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Парламент қабылдаған жаңа заңнамалық нормаларда балаларды ата-аналарынан тартып алу мәселесі қарастырылмағанын мәлім етті.

 

Соңғы жаңалықтар