Ата-ана наразы болса, онда балаға адам папилломасына қарсы вакцинация жасалмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ата-ана наразы болса, онда балаға адам папилломасына қарсы вакцинация жасалмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Серікбол Мусинов мәлім етті.

Ата-ана наразы болса, онда балаға адам папилломасына қарсы вакцинация жасалмайды

«Біздің ұлттық күнтізбемізде міндетті екпе жүргізілетін 21 ауру түрі бар. Өздеріңіз білетіндей, күнтізбе қолданыста. Адам папилломасына қарсы вакцинация жүргізу 11-12 жастағы қыз балаларға ілкі жоба режімінде жүргізілуде. Егер ата-анасы, бала бас тартатын болса, онда вакцинация жүргізілмейді", - дед і С.Мусинов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация АҚШ, Канада, Еуропа мен Азияның, Латын Америкасының, Африканың және Тынық мұхиты өңірін қосқанда 22 ел үшін міндетті болып саналады. Жалпы, 70-ке жуық ел осы вакцинаны пайдаланады.